Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Жігіттер» тобының продюсері Еркін Нұржановтың жағын сындырғанын мойындады

Жігіттер тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов өнердегі інісі Еркін Нұржановтың жағын сындырып қойғанын мойындады. Бұл туралы  "Опмай-опмай" бағдарламасында хабарланды.

«Жігіттер» тобының продюсері Еркін Нұржановтың жағын сындырғанын мойындады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   "Әр отбасыда әркім баласына әр түрлі тәрбие береді. Бір момын бала болса, оны шапалақпен тәрбиелеуге болмайды. Оның өзінің дәрісін тауып, өзге тәсілмен емдеу керек. Сол сияқты "Жігіттер" квартеті де сол кезде жұлдыз ауруына шалдығып, халыққа еркелеп, аспанға ұшып кетпесе де, ұшайын деп тұрған кезеңдері болды. Сол керек кезде оны тоқтататын тәсілдердің біреуі болды десем болады. Олар шектен шыққан кезде шапалақ ұрған уақыттарым болды. Алайда, мен оларды әдейі ұрғаным жоқ. Жаман болсын деп ұрмадым.

Менің жаңа кітабымда бірқатар шындық ашылды. Мәселен, онда Еркін Нұржанов жайлы толық жазылды. Оның топтан қалай кеткені және не себепті кеткені жазылды. Еркін екеуміздің арамызда бір кикілжіңдер болды. Бір кезде тіпті ағалық ретінде шапалақпен ұрамын деп, жағын сындырып алғанмын. Бірақ, мен жағын сындырайын деп жасаған жоқпын. Солай болып қалды. Ағалықпен қол жұмсап қойдым. Соның себебінен де арамыз алшақтау басталған болуы да мүмкін. Өйткені, сол жайттардан кейін ол ортамыздан алыстай бастады", – деп ағынан жарылды продюсер Ерғали Әбдірайымов.

Қазір оқып жатыр

Үмітсіз берешекті есептен шығару кезінде кей қазақстандықты салықтан босату ұсынылды

жеке табыс салығынан босату

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық