USD
USD
USD

Жидда: АҚШ-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Сауд Арабиясының Жидда қаласында АҚШ пен Украина арасындағы келіссөз өтіп жатыр.

Келіссөз
Фото: ғаламтордан

Украина тарабынан келіссөзге президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, елдің сыртқы істер министрі Андрей Сибига, қорғаныс министрі Рустем Умеров және президент кеңсесі басшысының орынбасары Павел Палиса қатысып жатыр. Ал АҚШ тарапынан мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Майк Уольц келген.

Марко Рубио бұған дейін кездесу АҚШ-тың көңілінен шықса, Вашингтон Украинаға көмекті қалпына келтіруі мүмкін деген еді.

«Сауд Арабиясындағы келіссөзде Украинаның ұстанымын, неден бас тартуға дайын екенін түсінуіміз керек. Екі тарап кейбір мақсаттарынан бас тартпай қақтығысты тоқтату мүмкін емес. Ресейдің де ұстанымын cұрап білеміз. Одан кейін екі тарап бір-бірінен қаншалықты алыста екенін бағамдаймыз», – деді Марко Рубио.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер