USD
USD
USD

Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 447-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың финалына шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 1257-орында тұрған ұлыбританиялық Элеанор Баглоумен шеберлік байқасты.

Ж.Құламбаева үш сетке созылған тартысты бәсекеде 1:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Жібек Құламбаева финалда әлемнің 551-ракеткасы, румыниялық Карола-Патриция Беженару немесе рейтингте 771-сатыдағы грекиялық Элени Христофидің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet