USD
USD
USD

Жібек Құламбаева Рим турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Рим (Италия) ITF W60 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жібек Құламбаева Рим турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші беларусьтік Юлия Готовкомен бірге финалда жарыстың бірінші ракеткалары, колумбиялықтар Юлиана Лизаразо - Мария Паулинамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-беларустьтік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Ж.Құламбаева мен Ю.Готовко титулға қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық, 15 жасар, Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Зара Дәркен Палермо (Италия) WTA 250 жарысында алғашқы матчын өткізді. Зара іріктеу сайысында әлемнің 316-ракеткасы, нидерландылық Ева Веддерге 2:6, 1:6 есебімен жол берді.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet