USD
USD
USD

Жиһаз жасаймын деп елорда тұрғындарын алдаған күдікті ұсталды

Жиһаз жасаймын деп елорда тұрғындарын алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Сарыарқа аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны көмек сұрап арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу OLX парақшасында үй жиһазын жасап беретінін айтып, жарнама қалдырған.

Содан күдікті жәбірленушінің ас үй бөлмесіне жиһаз жасау үшін өлшем алып, 1 млн теңгеден астам ақшасын иемденген. Кейін байланысқа шықпай қойған.

Келіп түскен шағымға байланысты жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Ақмола облысының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Әрі қарай тексерулер барысында жігіттің аталған фактіден бөлек, тағы бір қала тұрғынын алдағаны белгілі болды.

Жалпы, жәбірленушілерге келтірілген шығын 2 млн теңге. Сенім білдірген азамат жігіттің парақшасындағы жиһаздардың суреті арқылы тапсырыс беріп, ақшаны алдын ала аударған.

Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті жігіттің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж