Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жиһаз жасаймын деп алматылықтарды алдаған алаяқ төрт жылға бас бостандығынан айырылды

Жиһаз жасаймын деп алматылықтарды алдаған алаяқ төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұста
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 24 жастағы алматылық OLX сайтында өзінің телефон нөмірін көрсете отырып, жиһаз жасау және сату туралы хабарландыру жариялаған. Оған жүгінген адамдарға ол орындықтар мен үстел жасау және жеткізуді жүзеге асыру мүмкіндігі туралы жалған ақпарат берген.

Алдын ала тапсырыс берушілерден жиһаз құнының 50% мөлшерінде алдын ала төлем алып, ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған. Оның жиһаз жасау бойынша міндеттемелерін орындау ниеті болған емес. Ақша оның банктік картасына аударылып, содан кейін клиенттердің нөмірлері бұғатталып отырған. Осылайша, алматылық 8 ай ішінде 51 тұрғынды алдап, оларға жалпы сомасы 15 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

– Сот оны ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған төрт жыл сегіз ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын өтеу үшін сотталған адам осы жылдың ақпан айында Абай облысы бойынша ҚАЖД № 20 мекемесіне келді. Карантиндік бөлімге келгеннен кейін сотталған адам кір сабын шығаратын цехқа жұмысқа орналасты. Алынған жалақыдан сотталған адам оған сот тағайындаған талаптарды төлейді. Сотталған балалар үйінің тәрбиеленушісі, қазіргі уақытта оның отбасы жоқ, – дейді арнайы есеп бөлімінің бастығы Әйгерім Атабаева.

Қазір оқып жатыр

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер өз әйеліне зәбір көрсеткен

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Қазақстанда 1 млн-нан астам адам баспанаға мұқтаж

Пәтер кілті

Қазақстанда ипотеканы кім көбірек рәсімдейді: ерлер ме, әйелдер ме?

Тұрғын үй

Қызылорда облысында белгісіз дерттен жылқы жаппай қырылып жатыр

ауру