USD
USD
USD

Жезқазғанда танысының өліміне күдікті азамат қолға түсті

Жезқазған полицейлері танысының өліміне қатысы бар күдікті азаматты “ізін суытпай” қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазғанда танысының өліміне күдікті азамат қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жезқазған қалалық ПБ-ға үйлердің бірінің ауласында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы бірнеше пышақ жарақатын алған 35 жастағы ер адамды тапты.

Жәбірленуші есін жимастан медициналық мекемеде қайтыс болды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полицейлер күдікті 29 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ұсталған азамат бұрын таныс болған жәбірленушімен кафеде сөзге келіп, жанжалдасқанын мойындады. Жанжал көшеде жалғасып, күдікті қарсыласына бірнеше рет пышақ салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қылмыс құралы тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты