USD
USD
USD

Жезқазғанда модульді госпиталь салынды

Жезқазғанда екі ай ішінде 200 төсектік модульді госпиталь салынды.

Жезқазғанда модульді госпиталь салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аурухана инфекциялық бақылаудың барлық стандарттарына сәйкес келеді.

Мекеме диагностика және емдеу үшін заманауи медициналық жабдықтармен: компьютерлік томографпен, сандық рентген аппаратымен, медициналық газдар жүйесімен, УДЗ, ЭКГ, өкпені жасанды желдету аппараттары және басқалармен қамтылған.

Медициналық мекемеде қауіпсіздік деңгейі жоғары ақылды желдету жүйесі орнатылған. Палаталарда әр төсекте медбикені шақыру түймесі бар. Оқшауланған бокстарға арнайы чиптер арқылы ғана кіруге болады.

Сондай-ақ, 20 реанимациялық төсек қарастырылған.

«Ең бастысы, мекеме өңірдегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Жезқазған әкімі Қайрат Әбсаттаров.

Госпитальда Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Тараз қалаларының білікті дәрігерлері дайындық жұмыстарын бастады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер