USD
USD
USD

Жезқазғанда ер адам есірткімен ұсталды

Жезқазған теміржол вокзалының жанында автобуста отырған ер адам есірткімен ұсталды, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Жезқазғанда ер адам есірткімен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жезқазғанда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі есірткі заттары бар адамды табуға және ұстауға көмектесті.

15 қазан күні таңертең 6505 әскери бөлімінің кинологі ефрейтор Алмат Ахметжанов «Ай» атты қызметтік итімен және Жезқазған қаласының полиция қызметкерлерімен бірге теміржол вокзалының жанында автобусты тексеру кезінде күдікті азаматты ұстады.

Қызметтік ит жолаушының жол сөмкесіне қарап үру арқылы ішінде тыйым салынған зат барын білдіреді. Куәгерлердің қатысуымен сөмке ішінен жағымсыз иісі бар сұр-жасыл түсті өсімдік заты бар полиэтилен пакеті тәркіленді.

Мән-жайды одан әрі анықтау үшін күдікті Жезқазған қаласының Полиция басқармасына жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.