USD
USD
USD

Жезқазғанда бұрынғы басшы құбыр ұрлады деген күдікке ілінді

Жезқазған қаласында орналасқан құбырдың 13 мың метрден астамын ұрлады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаменті тексерді.

Жезқазғанда бұрынғы басшы құбыр ұрлады деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды.

Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған.

Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған азамат коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес. 

Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты