10 Наурыз 11:17
...

Жезқазғанда ұлттық киімдер көрмесі өтіп жатыр

Көрме
Фото: 24.kz

Бұл туралы 24 kz хабарлады.

.Алматы, NEGE. Бір айға жалғасатын шараға өңірдегі ең үздік қолөнер шеберлері шақырылған. Олардың қолынан шыққан дүниелер ежелгі қазақтар киген киімдердің үлгісімен тігілген. Арасында ескі үлгіні заман ағымына қарай өзгерткен шеберлердің де еңбегі қойылған. Олардың әрқайсысының өз орны бар. Жас қыз бен бойжеткеннің көйлектері, келіншек пен кейуананың киім үлгілері бір-бірінен өзгеше.

Көрменің ашылуы салтанатында киімдердің өзіне тән ерекше тігісі, ою-өрнегі түсіндірілді. Қолөнер шеберлері қолынан шыққан киімдердің жасалу жолдарын айтып берді.

Жаңыл Худас, қолөнер шебері:

-. Жасыратыны жоқ, бүгінде қазақы киімдерді той-томалақ пен Наурыз мейрамында не болмаса мерекелік кештерде ғана іздейтін болдық. Ал оны күнделікті кию үшін үлгісін жаңғыртқан абзал.

Жастардың сұранысына қарай жаңарған сондай киім үлгілеріне де көрмеден орын берілді.

Ұлттық киімдерді насихаттап, оны көпшілік жадында жаңғыртуды көздеген шараның тағы бір мақсаты бар. Ол – еңбегі елеусіз қалып жататын қолөнер шеберлеріне қолдау таныту.