USD
USD
USD

Жезқазғанда 5 жасар бала бес адамды қағып кетті (видео)

Оқиға Жезқазған қаласында болған. Көлікте отырған бала қол тежегішті түсірген.

Көлік
Фото: видеодан

Алматы, NEGE. Салдарынан көлік артқа жүріп, бірнеше адамды қағып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Аталмыш оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Дәрігерлердің сөзінше, ер адамның қабырғасы сынған, үш әйел амбулаторлық ем қабылдауға жіберілген.

Полиция тергеу жұмыстарын бастады.

«Полиция жол-көлік оқиғасын тіркеді, зардап шеккендер жоқ. Көлікте отырған 5 жасар баланың тежегіш тұтқасын алып тастағаны анықталды. Салдарынан автомобиль өздігінен жүріп, жаяу жүргіншілерге барып соқтығысты. Түрлі дене жарақаттарын алған 4 жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген Ұлытау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов