USD
USD
USD

Жезқазған жылу электр орталығында апат болды

«Қазақмыс Энерджи» ЖШС-не қарасты Жезқазған жылу электр орталығында апат болды, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Жезқазған жылу электр орталығында апат болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Кеше, 2023 жылғы 13 шілдеде сағат 21:12-де қолайсыз ауа райы жағдайында Ақадыр – Жезқазған 500 кВ электр беру желісі ажыратылды. Электр желісінің параметрлерінің өзгеруі Жезқазған ЖЭО-ның №7 және 11 қазандықтарының шаң қоректендіргіш қозғалтқыштарындағы жиілік түрлендіргіштерінің ажыратылуынан олардың сөнуіне әкелді. Будың болмауына байланысты №4, 7 турбиналар тоқтатылды, бұл генерацияның толық төмендеуіне әкелді", делінген ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Стансаның жұмыс режимін қалпына келтіру бір сағаттан кейін 22:20-да басталды.

Технологиялық ақау фактісі бойынша жан-жақты тергеу жүргізу мақсатында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінен комиссия құрылды.

«Жезқазған ЖЭО-ның толық тоқтауы бірінші рет емес. 19 маусым сағат 12:45-те өзінің электр қажеттілігін жоғалту салдарынан станция генерациясы 129-дан 0 МВт-қа дейін төмендеген. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Kazakhmys Energy ЖШС басшылығына Жезқазған ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды» деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Қазір оқып жатыр

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков

Ақтауда соқырішекпен түскен баланы дер кезінде қарамады деп айыпталған хирург өз уәжін жеткізді

Қанат Исмаил