USD
USD
USD

Жетісудағы орталықтардың бірінде диагнозы әртүрлі науқастар бір жоспар бойынша емделген

Жетісу бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілі облыстың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бірінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарының бұзылуын анықтады.

Дәрігерлер
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Аймақтағы өкіл мониторингтік сапар аясында Алакөл «Шуақ» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болды. Бұл мекемеде физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық кемістіктеріне және басқа да жағдайларға байланысты құқықтарын өз бетінше қорғай алмайтын ерекше қажеттіліктері бар адамдар орналасады.

Омбудсмен өкілінің баруы кезінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде барлық науқастар үшін бірдей емдеу жоспары әзірленгені белгілі болды. Ал бұл орталықта әртүрлі дертке шалдыққан адамдар бар. Демек, барлығына бірдей ем-дом жасалған.

Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасарларына ұсыныстар жолданды. Нәтижесінде бір қызметкер сөгіс алды, екіншісі – медициналық-әлеуметтік мекеменің заңгері басқа елді мекенде тұруына және жұмыс орнында тұрақты бола алмауына байланысты жұмыстан босатылды.

Сондай-ақ науқастарды емдеу бойынша жеке жоспарлы жұмыстарды формалды және біркелкі әзірлеу фактілері жойылып, басқа да заң бұзушылықтарды жою шаралары қабылданды. 

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама