USD
USD
USD

Жетісуда жасөспірімдерді заңсыз діни сабақтарға тартқандар анықталды

Жетісу облысында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, жасөспірімдерді тіркелмеген діни ағымға оқыту әрекетін анықтады.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Тексеру кезінде жатақхана ретінде пайдаланылған бөлмелерден шетелдік діни кітаптар мен оқу материалдары табылды.

Ұйымдастырушылардың бұрын өздерін қайырымдылық қоры немесе балалар пансионаты ретінде көрсетіп, жасырын сабақтар өткізгені белгілі болды.

Айта кетейік, биыл наурыз айында Талдықорған қалалық сотының шешімімен мұндай жалған қайырымдылық ұйымдары мәжбүрлі түрде таратылды.

Тексеру нәтижесінде:

• кәмелетке толмағандарды заңсыз діни сабақтарға тартқаны үшін діни рәсімдерді ұйымдастырушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

• тұрғын үйде тіркеусіз тұрған төрт “ұстазға” қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды;

• жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

• ата-анасы басқа өңірде тұратын бір кәмелетке толмаған жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың әрекеттері бойынша тексеру жалғасуда. Нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Ормуз

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Атырау

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

Маңғыстау

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Ұялы телефон