USD
USD
USD

Жетісуда тауда жоғалған 83 жастағы қария табылды

 Жетісу облысында тауда жоғалған 83 жастағы қария аман-есен табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қ
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Зейнеткер 28 тамыз күні таңғы уақытта қария мал бағуға шыққан. Бірақ кешке қарай үйіне қайтып келмеген. Жақындары бірден полицияға хабар берді.

"Зейнеткерді іздеуге барлық күш жұмылдырылды. Панфилов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары және бейжай қарамайтын еріктілер іздестіру жұмысына қосылды. Қиын таулы аумақтарды шолуға заманауи техника — ұшқышсыз ұшу аппараты да пайдаланылды", - дейді полицейлер.

Бір күннен кейін қария Сарыбел ауылынан шамамен 15 шақырым жерде таулы аумақтан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.