USD
USD
USD

Жетісуда өзенге секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған қызды полицейлер құтқарып қалды

12 шілде күні таңғы сағат 04:30 шамасында Алматы – Өскемен тас жолының 240-шақырымында, Көксу ауданы Балпық би кентінің маңында полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған қыздың өмірін сақтап қалды. 

К
Фото: sputnik.kz

Алматы, NEGE. Toyota көлігінің жүргізушісі Көксу ауданының учаскелік инспекторы Жұмабек Бақберген мен әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Марат Ұзақпаевқа жүгініп, Қапал – Көксу каналының жанында өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыз тұрғанын хабарлаған.

Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер 20-25 жас шамасындағы қызды анықтайды. Құтқарушылардың сөзіне қарамастан, ол өзенге секіріп кеткен.

Бірақ полицейлер бір сәт те кідірмей суға секіріп, ағыс бойымен жүзіп барып, қызды жағаға алып шықты. Құтқару операциясына патрульдік полиция инспекторы Қашкеев те қатысқан. Қыз аман қалды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, ол ата-анасына табысталды.

Оқиға сәті әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы