Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жетісуда орталық су жүйесімен қамту 99,9%-ға жетті

Жетісу облысы құрылғанға дейін тек 5 елді мекен ғана газдандырылған болатын. Жыл соңына дейін газ құбыры тартылған елді мекендер саны 126-ға, газдандыру деңгейі 72%-ға жетеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды.

«Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының шамамен 152 мыңнан астам адамы бар 84 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 2028 жылы өңірде 210 елді мекенге газ тартылады деп жоспарлап отырмыз. Облыста газға деген қажеттілік артып келе жатқандықтан, жеке инвестициялар есебінен «Алматы-Талдықорған» екінші магистралды газ құбырының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде,», – деді Бейбіт Исабаев.

Сол сияқты өңір басшысы ауыз сумен қамту мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, 2023-2024 жылдары орталықтандырылған сумен жабдықтауға 4 ауыл қосылды, 25 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарды. Биыл тағы 4 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді.

Жалпы, 329 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықталып, қамтамасыз ету деңгейі 99,9%-ға жетті.

Қазір оқып жатыр

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример

Абай күнінде «Әділет» партиясының кандидаттары ақынның Семейдегі ескерткішіне тағзым етті

«Әділет» партиясы

Нұрай Серікбайдың отбасы сотталушыдан неге 10 млрд теңге талап еткенін түсіндірді

Нұрай Серікбай