Референдум Референдум
1 Наурыз 09:05
...

Жетісуда құтқарушыларға жаңа арнайы техника табысталды

.
Фото: Дмитрий Ерофеев

Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құтқарушыларға жаңа арнайы техникалардың кілтін табыстады.

Референдум

Талдықорған қаласының орталық алаңында өткен салтанатты рәсімде сөз сөйлеген өңір басшысы Бейбіт Исабаев облыста төтенше жағдайлар саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жүйелі түрде көңіл бөлініп келе жатқанын атап өтті.

.
Дмитрий Ерофеев

2022–2025 жылдары 42 бірлік техника сатып алынса, оның 18-і жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылған. Сонымен қатар биыл жергілікті бюджеттен қаржы лизингі арқылы өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің қажеттілігі үшін 14 техника сатып алу жоспарланып отыр.

«Бұдан бөлек, инфрақұрылымды жақсарту мақсатында жаңа өрт сөндіру деполары салынып, қолданыстағы ғимараттарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде», – деді Бейбіт Исабаев.

Ол төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен жаңғырту алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

.
Дмитрий Ерофеев

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов оқиға орнына жедел жетіп, шұғыл көмек көрсету үшін техниканың заман талабына сай болуы маңызды екенін атап өтті.

«Азаматтық қорғау жүйесіне көрсетіп отырған қолдауы үшін облыс басшылығына ризашылығымды білдіремін», – деген ведомство басшысы өз қызметін адал атқарып жүрген құтқарушыларға еңбектерінің жемісті болуын тіледі.

Жаңа көліктердің кілтін алғандардың бірі – Жаркент қаласындағы №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау аға майоры Жанат Нүсіпов:

«Бүгін бөлімімізге екі арнайы автокөлік берілді. Бұл – біз үшін үлкен қолдау. Төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге және оның алдын алуға зор септігін тигізеді. Жаркенттік құтқарушылар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрдайым дайын», – деді.

.
Дмитрий Ерофеев

Шара арнайы техникалардың кілтін табыстау рәсімімен жалғасты. Талдықорған қаласындағы, Панфилов, Алакөл, Сарқан аудандарындағы өрт сөндіру бөлімдеріне және облыстық төтенше жағдайлар департаментіне өрт сөндіру автотехникасы, жол талғамайтын жедел-құтқару көліктері, құтқару катерлері және өзге де қажетті техникалар тапсырылды.

Тегтер:
Референдум