USD
USD
USD

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Жетісу облысында екі лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен босатылды. Олардың бірі – еңбек өтілі 20 жылдан асатын аудандық бөлімше бастығы.

Шенеунік
Фото: Depositphotos

Астана, NEGE. Бұл жөнінде облыстық прокуратура хабарлады. Прокурорлардың мәлімдеуінше, шенеуніктер букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тігіп келген. Ойын шотын толықтырудың жалпы сомасы 7,7 млн теңгеден асқан.

«Енгізілген прокурорлық ден қою актісін қарау нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен екі лауазымды тұлға атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», – делінген хабарламада.

Қадағалаушы орган өкілдерінің түсіндіруінше, лауазымды тұлғалардың мұндай әрекеттері мемлекеттік қызметтің абыройы мен беделіне нұқсан келтіріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің артуына әкеледі.

Қазір оқып жатыр

«11 адам шабуыл жасаған»: Қызылордада қаза тапқан жігіттің туыстары әділ тергеуді талап етті

Полиция

Жаңа iPhone Duo-ның экраны жарылып жатыр: Apple ақауды мойындады

.

Харри Кейн алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Харри Кейн

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы