USD
USD
USD

Жетісуда бала зорлады деген экс-депутат өмір бойына сотталуы мүмкін

Жетісу облысында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінген экс-депутаттың соты басталды, деп хабарлайды Kazinform.

Сот отырысы
Фото: Артем Викторов

Алматы, NEGE. 2024 жылдың жазында әлеуметтік желілерде Жетісу облысында аудандық мәслихат депутаты бала зорлады деген ақпарат тараған болатын.

Оған сенсек, 40 жастағы лауазымды тұлға туысының 7 жасар баласын жәбірлеген.

Кейіннен Ақсу аудандық полиция бөлімі зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Бүгін, 25 ақпанда іс бойынша негізгі сот отырысы өтті. Онда прокурор айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Келесі сот отырысы 27 ақпанда өтеді. Сол процесте экс-депутатқа үкім шығады.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам