USD
USD
USD

Жетісуда ақбөкен мүйізін заңсыз сақтағандар ұсталды

Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сақтап, мемлекетке 1 млрд 284 816 000 теңгенің шығынан келтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 2024 жылдың 6 маусымында Жетісу облысы бойынша ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, Шекара қызметі мен ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарымен заңсыз айналысқан күдіктіні ұстады.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Панфилов ауданының аумағында 39 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде үйдің шатырынан скочтпен оралған 7 картон қорап табылды. Бұл қораптардың ішінде 464 дана ақбөкен мүйізі болған, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.

Табылған мүйіздерге олардың шығу тегі мен түпнұсқалығын анықтауға мүмкіндік беретін сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Келтірілген зиынның шығыны 1 млрд 284 816 000 теңге.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, істің барлық мән-жағдайлары мұқият зерттеліп жатыр. Құқық қорғау органдары барлық фактілерді анықтауға және кінәлілерді жауапқа тартуға бар күшін салады. 

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі