USD
USD
USD

Жетісуда 26 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысының Қаратал ауданында  құны 111 миллион теңге болатын жер  игерілмей жатқан. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы мәлімдеді. 

Жетісу облысы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қаратал ауданындағы кәсіпкерлер заң талаптарын белден басып келген. Яғни, жерді мемлекеттен егін егемін, кәсіп жасаймын деп жалға алып, бірақ мақсатты пайдаланбаған. Заңбұзушылықты тексеріс барысында құзырлы орган өкілдері игерілмеген 38 жер учаскесін анықтаған.

 Қаратал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 26 мың гектар, кадастрлық құны 111 миллион теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды. Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шегінде жергілікті атқарушы органдарға адал субъектілерге пайдалануы үшін қайтарылған жерлерді беруге бағытталған. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр, — деді Жетісу облыстық прокуратурасы. 

Қазір оқып жатыр

«Семей орманындағы» өрт оқшауланды

.

«Енді асыға оралатын үйім бар»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

.

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық