USD
USD
USD

Жетісу тұрғындарына қайтарымсыз грант уәде еткен азаматтар ұсталды

Жетісуда ауыл тұрғындарына қайтарымсыз грант алып беруге уәде берген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталды
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Көксу ауданының тұрғындарына екі алаяқ қайтарымсыз гранттарды уәде еткен. Алаяқтық туралы арызбен Көксу аудандық полициясына бірнеше жергілікті тұрғындар жүгінді.

Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйелдер мемлекет беретін қайтарымсыз гранттар аясында ақша алуға көмектерін ұсынған. Содан кейін, алаяқтар төрт ауыл тұрғынын алдап, 450 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін қаражаттарын иемденіп алған.

– Алаяқтар азаматтарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде берілетін қайтарымсыз грантты алуда көмек көрсетуге уәде берген. Сонымен қатар қажетті шығындарға, сондай-ақ жаңа бизнесті бастауға және дамытуға арналған өтінімдерді мақұлдау үшін ұсынылатын мемлекеттік гранттың көлемінің 10 пайызын төлеу қажет екенін мәлімдеген, – деп ведомствода атап өтті.

Полиция қызметкерлері алаяқтарды анықтап, ұстады. Олар алматылық Алия Омарова мен Шымкент қаласының тұрғыны Төлбасы Үсейнқызы болып шықты.

Төрт эпизод бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сот алаяқтарды кінәлі деп тапты және келтірілген залалдың орнын толтыруды ескере отырып, сот тараптарды татуластырғаны үшін қылмыстық істі тоқтатты.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған мұнай компаниясы «ҚазМұнайГазға» өтті

.

Футболдан Қазақстан бірінші лигасында бапкер бас төрешіге су шашып жіберген

су шашқан

«Әділет» партиясын елдегі ең ірі қоғамдық және салалық бірлестіктер қолдады

.

«Көзқарасымыз сәйкес келмейді»: Давид Лория Марат Омаров туралы ойын айтты

.