Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында өңірлерде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға және құрылыс жобаларына 480 млн теңге бөлді.

Жоба бойынша Алакөл ауданының Қоңыр ауылында ұзындығы 17 шақырым су желісін тарту және Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында 4,8 шақырым су желісін жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде, мыңнан астам ауыл тұрғыны ауыз сумен қамтылады.

Биыл Жетісу облысында сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту және салу бойынша барлығы 18 жоба жүзеге асырылып жатыр.

2025 жылдың соңына қарай өңірдегі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған ауылдардың үлесін 99,9%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл – 329 ауыл мен шамамен 697 мың облыс тұрғыны.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат