Жетісу облысында жаңа медициналық нысандар қолданысқа берілді
Республика күніне орай Жетісу облысында сегз медициналық нысан есігін айқара ашты.
Алматы, NEGE. Атап айтар болсақ мекемелер Жалғызағаш, Қайнар, Сарытөбе, Жаңалық, Қаратал, Оян, Жайпақ және Қайнар ауылдарында жұмысын бастады. Енді өңірдегі төрт мыңнан астам тұрғын медициналық көмекке қол жеткізе алады.
Аталған жобалар қайтарылған активтер қаражаты есебінен жанданып отыр. Осы ретте жалпы саны 18 жоба жүзеге асыру көзделген. Бұған мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге қаражат бөлініпті.
«Бүгін қуанышымыз қойынымызға сыймай жатыр. Қайтарылған активтер есебінен осындай ғимаратқа қол жеткіздік. Жаңа заманауи мекеме медициналық аппараттармен толық жабдықталған», – дейді Жайпақ ауылдық дәрігерлік амбулатория меңгерушісі Сая Мазабаева.
Айта кетейік, соңғы жылдары облыста медициналық мекемелер қатары қарқынды жұмыс істеуде. Соның нәтижесі есебінде медициналық туризмнің дамып келе жатқанын айта кеткеніміз жөн. Мәселен, ем іздеген жандар көбінесе Талдықорғандағы кардиологиялық орталық пен көпсалалы клиникаға келеді. Өткені аталған мекеменің дәрігерлері селбесе отырып, бір мезетте екі отаны бірден жасайды. Мұндағы мамандар емшара түрлерін жеделдету мақсатында күнделікті түрлі тәсілдерді тәжірибеде пайдалануда.
Статистика санағына жүгінер болсақ, кардиология орталығына жылына үш мыңнан аса адам жүгінеді екен. Олардың қатарында өңірге ат басын тіреген шетел азаматтары да бар.
«Соңғы тоғыз айдың ішінде орталықтың көмегіне үш мыңнан астам науқас келеді. Олардың ішіндегі 150 ден астамы басқа облыс пен мемлекеттің тұрғындары саналады. Алдымызға көбінекей Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан сынды алыс-жақын шетел азаматтары жиі жүгінеді. Бірақ біз қай азамат қай жақтан келсе де қолдан келген көмегімізді аямаймыз», – дейді кардиологиялық орталықтың директоры Нұрсан Сұрашев.