Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жетісу облысында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды

Жетісу облысында заңсыз балық аулаған браконьер қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Заңсыз балық аулау
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Браконьерлікпен айналысқан күдікті 25 ақпанда Сарқан ауданындағы Балқаш көлі маңында облыстық табиғатты қорғау полициясы және Балқаш – Алакөл Балық инспекциясының қызметкерлерімен ұсталды.

 – Балықты заңсыз аулаған жергілікті тұрғыннан 19 келіден астам табан мен қаракөз балығы, сондай- ақ 100 метр тыйым салынған моножіпті торлар тәркіленді, – дейді облыс ПД табиғатты қорғау полициясының бастығы Бағлан Рымжанов.

Балық аулау ережелерін өрескел бұзғаны үшін жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соңғы шешім қабылдау үшін іс сотқа жолданды.

Өңір аумағында рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі қашан және қайда жарияланады?

Мемлекеттік білім гранты

Танымал қаржыгер Расул Рысмамбетов БЖЗҚ-да қызметке ие болды

Расул Рысмамбетов

Ақтауда балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Ақтау

Семейде стадион аумағынан табылған адам сүйегі 8 жыл бұрынғы құпияны ашуы мүмкін

Жоғалған адам