USD
USD
USD

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Желіде Жетісу облысы Сарқан ауданындағы мектептердің бірінді 8-сынып оқушысы сыныптасының қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Өңірлік полиция қызметі ақпаратты растап, кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қылмыстық іс
Фото: ortcom.kz

Астана, NEGE. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, сабақтан кейін сыныптастар арасында туындаған жанжал кезінде жасөспірімдердің бірі дене жарақатын алып, кейіннен көз жұмған.

«Күдікті ұсталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді», – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша мектеп қызметкерлерінің үстінен де қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Тергеу барысын облыстық полиция басшылығы ерекше бақылауға алды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіне сәйкес, істің жай-жапсары айтылған жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер