USD
USD
USD

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Қайғылы оқиға 3 қараша күні Текелі қаласында болды. Ауыр жарақат алған қыз бала оқиға орнында көз жұмды.

Эксковатор дөңгелегі
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Полиция қызметі жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Volvo маркалы экскаватордың жүргізушісі қиылыстан өту кезінде жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен.

«Оқиғаға кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Полицейлер көлік жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда барынша сақтық танытып, бағдаршам белгілерін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі