USD
USD
USD

Жетісу облысында көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

Жетісу облысы Текелі қаласында 45 жастағы күйеуін өлтірді деген күдікпен көпбалалы ана қамауға алынды.

Полиция
Фото: depositphotos.com

Астана, NEGE. Қайғылы жағдай 10 маусымға қараған түні қаладағы жекеменшік үйлердің бірінде болған, деп жазады Kazinform.

Өңірлік полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған. Сот санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Қазір әйел Талдықорғандағы тергеу изоляторында отыр.

«Тергеу барысында өлімге әкелген жарақатты ерлі-зайыптылардың бірге спирттік ішімдік ішкен кезінде әйелінің салғаны анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер барлық қажетті тергеу шаралары аяқталғаннан кейін ғана түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті.

Әлеуметтік желілерде жазылған пікірлерде әйелдің көпбалалы ана екені және ұзақ жылдар бойы күйеуінен тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келгені айтылған.

Алайда бұл ақпаратты құқық қорғау органдары әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті