Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жетісу облысында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады

Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын іске асыру жоспарланған. Солардың қатарында Жетісу облысында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады. Бұл «Жасыл Жетісу» ЖШС жеке инвесторымен бірлескен жоба болмақ. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

gov.kz
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өңір басшысының айтуына қарағанда, Кербұлақ ауданында құны 1,3 трлн теңге болатын «Шоғырландырылған тау-кен құрылыс компаниясы» мега-жобасының құрылысы басталды. Жоба аясында 2 230 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады, құрылыс 2028 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Сол сияқты Талдықорған қаласында тегістегіш болат шар өндіретін «ME-ELECMETAL» зауытының құрылысы жүріп жатыр.

Бұдан бөлек, келесі жылы Талдықорғанда қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауытының құрылысы жүреді деп жоспарлануда. Бұл жоба «Жасыл Жетісу» ЖШС-мен бірлесіп қолға алынады.

«Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемі 5%-ға артады деп күтілуде. Біздің басты мақсатымыз – инвестиция тарта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, дайын өнімді өңдеу және оны ішкі және сыртқы нарықтарға шығару», – деп атап өтті Бейбіт Исабаев.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел