USD
USD
USD

Жетісу облысында ер адам туысқанының атынан бірнеше несие рәсімдеген

Жетісу облысында ер адам туысқанының атынан бірнеше несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Текелі қаласында ер адам өзінің туысының атынан бірнеше несие рәсімдеген. Алаяқ егде жастағы туысының сеніміне кіріп, оның атынан онлайн несие рәсімдеп, ақшаны өзіне аударып отырған.

– Жәбірленуші әйел адам полицияға оның телефонына несиелер бойынша берешекті өтеу туралы sms-хабарламалар түсе бастағанда жүгінген. Әйел адам несие алмағанын атап өткен. Полицияға хабарласқаннан кейін оның туысы телефоны мен құжаттарға еркін түрде қол жеткізгені анықталды. Осы деректерді пайдалана отырып, ол шағын мөлшерде онлайн несиелерді рәсімдеген. Алаяқ алған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сонымен қатар ол туысқанының шотындағы зейнетақы жинақтарын да өзінің шотына бірнеше рет аударған, – деп полицияда хабарлады.

Текелі қалалық соты ер адамды кінәлі деп танып, келтірілген залалдың толық өтелуімен екі жылға бас бостандығына шектеу жазасын тағайындады.

Қазір оқып жатыр

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ