USD
USD
USD

Жетісу облысында бойжеткен аса ірі көлемде есірткі затын тасымалдау кезінде ұсталды

Жетісу облысында бойжеткен аса ірі көлемде есірткі затын тасымалдау кезінде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жетісу облысында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен Алматы қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол есірткі заттарын заңсыз тасымалдап жүрген. Республикалық «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында түскен жедел ақпарат расталды.

Тергеу дерегінше, күдікті 2025 жылдың 13–16 қыркүйегі аралығында психоактивті зат – мефедронды заңсыз сатып алып, сақтаған. Оның бір бөлігін өзі қолданса, қалғанын қасында алып жүрген. 16 қыркүйектен 17 қыркүйекке қараған түні бойжеткен Алматыдан таксимен Талдықорғанға бет алып, жанында 15 түйіншек есірткі затын ала шыққан. Алайда Текелі қаласына кіреберісте полицейлер оны дер кезінде қолға түсірді.

Жеке тінту кезінде қара изолентамен оралған түйіншек табылды. Сонымен қатар сөмкесінен үш әйнек түтікше (пипетка) және қызыл түсті пластик түтік салынған «Marlboro» темекі қорабы анықталды. Бұл заттардың есірткіні тұтынуға арналғаны белгілі болды. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша күдіктінің қан құрамынан мефедрон, меткатинон, а-PVP (альфа-пирролидинопентиофенон) және каннабиноид метаболиттері табылды.

Сараптама тәркіленген заттың мефедрон екенін, яғни меткатинон (эфедрон) психотроптық затының аналогы екенін көрсетті. Жалпы салмағы – 3,03 грамм. Заң бойынша бұл – аса ірі көлем. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.