8 Тамыз 19:31

Жетісу облысында аудан әкімі қарамағындағы қызметкерді зорламақ болған

Зорлық
Фото: ғаламтордан

Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Ақсу ауылдық округінің әкіміне қарамағындағы қызметкерді зорламақ болды деген айып тағылды.

Алматы, NEGE. Аталмыш жағдайға байланысты желіге видео жариялаған Мұрат Ормановтың айтуынша, ауылдағы күйеуі, бала-шағасы бар әйелдің үйіне түнде біреу терезесінен кіріп, есігін ашқан. Артынша ауыл әкімі есігінен кіріп, әйелді зорламақ болған.

Жергілікті тұрғын Мұрат Орманов әкімнің тарапынан мұндай жағдайдың бірінші рет болып отырмағанын айтты.

Құқық қорғау органы үйге заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді. Полицияға арыз-шағымды жәбірленуші түсірген.

«Полиция үйге заңсыз кіруге қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Барлық мән-жайлар анықталуда. Дегенмен, тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деп хабарлады Жетісу облыстық ІІД.

Nege редакциясы Жетісу облысы әкімдігінен мән-жайға қатысты пікір білдіруін сұрады. Әкімдік аталмыш жағдайға қатысты полицияның жауабын беріп, тергеу амалдары аяқталған соң қосымша ақпарат берілетінін мәлімдеді.