USD
USD
USD

Жетісу облысында 72,5 млн теңгенің газ құбырларын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Жетісу облысы Ақсу ауданында 72,5 млн теңгенің газ құбырларын ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құбыр
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға «Транс Азия Констракшн» ЖШС директоры арызбен жүгінген.

Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы – Өскемен тас жолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 бірлік газ құбырын ұрлап кеткен. Магистральдық газ құбырының құрылысы Талдықорған – Үшарал тас жолында жүргізілуде, оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланады.

Жоба 302 км газ құбырын салуды, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуды және жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жетісу облысының полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында Алматы облысының тұрғындары болып шыққан үш күдікті анықталып, құрықталды.

Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат