USD
USD
USD

Жетісу облысында 5 сынып оқушысының қолын байлап, қорлық көрсеткен

Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында 5 сынып оқушысына сыныптастары аяусыз қорлық көрсеткен.

жасөспірім
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Немолчикз» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғаумен айналысатын фонд өзінің телеграм парақшасында жариялады.

Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасына келген жазбамен бөлісті. Анонимді түрде жариялауын ұсынған оқырман оқиғаны тергеу жүргізбей, жауып тастағанын жеткізген.

5 сынып оқитын қызға буллинг жасалған. Сыныптас қыздар оның қолын байлап, ұрған, көтеніне ағаш сұққан, ол жерін әбден зақымдаған. Ауруханада жатыпты, 25 мамырдан кейін болған дейді. Істі жүргізбеген. Өтінемін, осы ақпаратты тексеріңізші, - деп жазған.

Сондай-ақ келесі келген хатта Талдықорғандағы мектепте 3 сынып оқушыларына 9 сынып оқушыларының зорлық көрсеткені туралы жазылған. Ол оқиғада да ата-аналары араласып, істің жабылуына қол жеткізген.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG