USD
USD
USD

Жетісу облысы мәслихатының депутаты кісі қолынан қаза тапты

15 қаңтарда Үшарал қаласында Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямов пышақ жарақатынан қаза тапты.

Дәурен Слямов
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. 15 қаңтарда Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде мас адамның құрылысшыларға қоқан-лоққы көрсеткені туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 24 жастағы жергілікті тұрғынның қарсылық көрсеткен азаматты пышақпен жарақаттап, қашып кеткенін анықтады. Жүрек тұсынан жарақат алған 34 жастағы тұрғын «Жедел жәрдем» көлігінде қайтыс болған. Қылмыс бойынша күдікті ұсталды», — деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.

Қаза тапқан адам Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямов.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажет сараптама тағайындалды.

Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жарияланбайды.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов