USD
USD
USD

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі тұрғынға жоқ үйдің кілтін табыстаған (видео)

Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов балабақша тәрбиешісі Галина Деминаға жоқ үйдің кілтін салтанатты түрде табыс еткен.

Кербұлақ ауданының әкімі
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Тозығы жеткен үйде тұратын Галина Демина жаңа баспананы армандаған. Республика күні аудан әкімі оған құны 8,7 миллион теңге тұратын үйдің кілтін табыстағанда, әйелдің қуанышында шек болмаған. Алайда, бұл қуаныш көпке созылмаған. Анықталғандай кілт тек кәдесый ретінде беріліпті. Мерекелік іс-шарадан кейін әкімдік үйдің жоқ екенін айтқан. 

«Мерекелік шарада маған үйдің кілтін табыстады. Көзім жасқа толып,  оларға алғыс айта бастадым. Қасымда тұрғандардың барлығын қуаныштан сүйіп шығуға дайын болдым. Бірақ демалыстан кейін олар маған үй жоқ екенін айтты. Әкімдік маған баспананы басында айтылғандай 8,7 миллион емес, 3,8 миллион теңгеге тауып келуді ұсынды. Үйді өзім іздедім. Бүкіл ауылды араладым, бірақ ондай ақшаға ештеңе таба алмадым», - дейді Галина.

Деминаның айтуынша, әкімдік баспана мәселесін «шешеміз» деп уәде еткен, бірақ содан бері екі апта өтті, ешкім көмек көрсетуге шара қолданбаған.

Қазір оқып жатыр

«Семей орманындағы» өрт оқшауланды

.

«Енді асыға оралатын үйім бар»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

.

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық