USD
USD
USD

Жетісуда танысын аңшы мылтығымен атқан ер адам ұсталды

Жетісуда танысын аңшы мылтығымен атқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісуда танысын аңшы мылтығымен атқан ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дерек Көксу ауданында тіркелді. 2 қараша күні кешкі уақытта Мақаншы ауылынан 45 жастағы ер адам оқ жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Тергеу барысында жәбірленушіні Талдықорған қаласынан қонаққа келген жақын танысы мылтықпен жаралағаны белгілі болды.

– Ер адамдар аң аулауға шығуды жоспарлағаны алдын ала анықталды. Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал туындаған. Соның салдарынан қонақ аңшы мылтығымен үй иесінің аяғынан атқан. Қазір денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге тіркелген 12 калибрлі ИЖ мылтығы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тігілді, – деп хабарлады Көксу аудандық полициясы.

Тергеу барысында ұсталған күдіктіге қатысты келуге міндетті процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков