USD
USD
USD

Елтаңбаны аулаға тастағаны үшін Жетісу соты жауапқа тартылды

Жетісу облысының соты Елтаңбаны ауласына тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Елтаңбаны аулаға тастағаны үшін Жетісу соты жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл видео желіге жарияланып, полиция бірден шара қолданды. Желіге жарияланған видеода Елтаңба макеті Жетісу облыстық сотының ғимараты аумағында жерде жатқанын анық көруге болады.

«Жетісу облыстық полиция Талдықорған қаласындағы облыстық сот ғимаратының жанынан тасталған күйінде табылған Елтаңбаның макеті бейнеленген видеоны зерттеді. Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқық бұзушылық деп танылғанын хабарлаймыз. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 418-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес облыстық сот әкімшілігінің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды» делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе