USD
USD
USD

Жетісу облысының тұрғынын тонаған екі ағайынды жауапқа тартылады

Жетісу облысының тұрғынын тонаған екі ағайынды жауапқа тартылмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының тұрғынын тонаған екі ағайынды жауапқа тартылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған дерек Көксу ауданында тіркелді. Онда жергілікті полицейлер тонау жасады деген күдікпен Теректі ауылының екі тұрғынын ұстады. Күдіктілер, 37 және 46 жастағы ағайындылар болып шықты.

Олар бір күн бұрын ауыл тұрғынына қонаққа барған, масайып қалғаннан кейін үй иесін ұрып-соғып, тонап кеткен. Ұялы телефоны, 20 мың теңге және автокөліктің кілтінен айырылған жәбірленуші Көксу аудандық полициясына арызданған.

– Қолма-қол ақшаны қоспағанда, жәбірленушіден тартып алған барлық заттар табылды және заңды иесіне қайтарылды. Ұсталған ағайындылардың бірі бұрын істі болғандығы белгілі болды. Қазір оларды қамауға алу туралы мәселе шешіліп жатыр. Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес (Тонау) жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады аудандық полиция.

Қазір оқып жатыр

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы

Депутаттар Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құруға келісім берді

Құрылтай ғимараты

Air Astana қазанда Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын әуе рейсін қалпына келтіреді

Air Astana

Оңтүстікте субсидияға бөлінген 103 млн теңге жымқырылған: бір күдікті қамауға алынды

Ақша