USD
USD
USD

Жетісу облысының тауларында хабар-ошарсыз кеткен тик-токер іздестіріліп жатыр

36 жастағы алматылық Дамир Кушеев Текелі қаласының маңындағы тауларда хабар-ошарсыз жоғалып кетті.

Жетісу облысының тауларында хабар-ошарсыз кеткен тик-токер іздестіріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол 7 маусым Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ сарқырамасына спорт велосипедімен барып, бөгеттің жанында тұрып соңғы эфирге шыққан, жергілікті жердің қорықшысы шәй беріп, дәм ауыз тигізген. Байланыс үзілгеннен кейін Кушеевтің жұбайы оны табуға көмектесу туралы Төтенше жағдайлар департаментіне өтініш білдірген.

Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті. Қазір таулы аймақта полицейлер мен ТЖД-нің қызметкерлері, кинологтар іздестіру иттерімен ер адамды іздеп жатыр. Дамир Кушеев түрлі көрікті жерлерге велосипедпен баруды ұнатады.

TikTok желісінде өзінің жеке парақшасы бар. Ескелді ауданындағы туыстарында қонақта болған.

Жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамға мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8 747 558 1508, 708 252 2008, 102 немесе 112.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG