USD
USD
USD

Жетісу облысының полицейлері «синтетика» сатушыны ұстады

Жетісу облысының полицейлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізіп, 51 жастағы “синтетика” сатушыны ұстады.

Жетісу облысының полицейлері «синтетика» сатушыны ұстады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ер адам бұдан бұрын есірткі заттарын сақтау және сатумен байланысты қылмысы үшін сотталған.

Қаратал ауданының Ескелді ауылында орналасқан жеке үйінде тәртіп сақшылары өсірілген марихуананың 108 түп тамырын тапты. Сондай-ақ дайын кептірілген 40 қарасора түптері, есірткі оралған түйіншіктер, оның ішінде  “синтетикалық” есірткілер және қолдануға арналған әртүрлі құралдар табылды.

Күдікті УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары, синтетикалық есірткіні өткізу және сақтау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, сату және сақтауды көздейтін, қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша жүргізіліп жатыр,- деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі