USD
USD
USD

Жетісу облысының полицейлері кісі өліміне қатысы бар екі күдіктіні ұстады

Жетісу облысының полицейлері кісі өліміне қатысы бар екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полицейлері кісі өліміне қатысы бар екі күдіктіні ұстады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1 сәуірде Сарқан қаласының маңындағы ауылдық жолдың жағасында бірнеше күн бойы хабар-ошарсыз жоғалғандар қатарындағы 58 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Сот сарапшылары ер адамның басына оқ атып өлтіргенін анықтады.

 Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарқан ауданының полицейлері облыстық департаменттің жедел қызметкерлерімен бірлесіп 22-23 жас аралығындағы екі күдіктіні анықтады. Екеуі де ұсталды.

– Кісі өлтіру қылмыс тас жолда жасалғаны анықталды. Оған жәбірленушінің алдындағы ақшалай қарыз және оның мүлкін тартып алу түрткі болған. Жәбірленушіден 20-дан астам қой мен ешкі ұрланған, олардың бір бөлігін сатып жіберген. Қазір ұрланған мал табылып, жәбірленушінің туыстарына қайтарылды. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінің бақшасында көмілген қос ауызды шолақ мылтық қылмыстық іс материалдарына тіркелді, – деді Жетісу облысы ПД КПБ бастығы Қайрат Журунов. 

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес жүргізіліп жатыр. Күдікті адамдар уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе