USD
USD
USD

Жетісу облысының Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, жұмысшы қаза болды

Жетісу облысының Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жетісу облысының Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, жұмысшы қаза болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «1 сәуір күні сағат 8:52-де Көксу ауданы 10 жылдық Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метр жылу қазандығы жарылды. Апат салдарынан оқиға орнында бір жұмысшы қаза тапты», - деп мәлім етті Көксу ауданының әкімі Мәрлен Көлбаев.

Қаза болған 58 жастағы жұмысшының бес баласы бар.

Көксу ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмысшы жаңадан салынып жатқан мектепке барып, жылыту қазандығы орналасқын ғимаратқа кірген. Кірген уақытта қазандық жарылған.

Қазіргі уақытта жарылыстың себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент