1 Тамыз 09:53
...

Жетісу облысының әкімдігі оқушы қыздың өліміне қатысты пікір білдірді

Фото:

Жетісу облысының Панфилов ауданында зорланып, ажал құшқан 15 жастағы оқушы қызға қатысты әкімдік пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматы, NEGE. "Бүгінгі күні қылмысқа қатысы бар, бұрын сотталған 38 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның үстінен кәмелет жасына толмаған қыз баланы зорлау және өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тарапынан тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмысын мойындаған күдіктіге заң аясында қатаң жаза қолданылатын болады. Жекелеген әлеуметтік желілерде қыз баланы ұлты басқа бірнеше азамат зорлап өлтірген деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жерде ұлтаралық мәселенің де еш қатысы жоқ. Қазір Панфилов ауданында жағдай тұрақты. Облыс әкімшілігінің, құқық қорғау органдарының бақылауында", - дейді Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Думан Алтынбекұлы.

Тегтер: