USD
USD
USD

Жетісу облысында жол апатынан үш әйел мерт болды

Жетісу облысында 3 жолаушы әйел адам көлік апатынан мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Жетісу облысында жол апатынан үш әйел мерт болды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Жол апаты «Алматы-Өскемен» тасжолының Көксу ауданы аумағында болды.

«Тойота Камри» мен «Тойота Ленд Крузер Прадо» көліктері соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тапты.

Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, көліктердің бірінің дөңгелегі жарылып, бұл екі көліктің соқтығысуына әкелген.

«ЖКО салдарынан жол талғамайтын көлік салонындағы үш жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Екі көліктің жүргізушілері де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Полиция жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдықты қатаң сақтауға және жол ережесін бұзбауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік