USD
USD
USD

Жетісу облысындағы сел: 21 үй су астында қалды

Жетісу облысында қатты селдің салдарынан келген шығынды есептей бастады. Ескелді ауданындағы бірнеше ауылдың үйлері су астында қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысындағы сел: 21 үй су астында қалды
Фото: NEGE.kz

Талдықорған, NEGE. Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев су басқан үйлерді аралап, тасқынның салдарын өз көзімен көрді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көбінің үйі, көлігі мен үй жануарлары су астында қалып қойған.

Тұрғындардың басым бөлігі несиеге баспана мен құрал-жабдық алғандықтан, жергілікті биліктен барлық қажетті көмекті беруді сұрап отыр. Облыс әкімі әуелі барлық шығынды есептеу керегін айтты.

"Бір апта ішінде тәуелсіз сарапшылардың көмегімен барлық шығынды есептейтін комиссия құрылды. Бірінші кезекте үйлері су астында қалғандарға көмектесеміз", - деді облыс әкімі тұрғындармен кездесуінде. 

Ал ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысында бірде-бір үйді су баспағанын хабарлады. су басқан үйдің жоқтығын хабарлады. Өңір әкімі Бейбіт Исабаевқа дайындалған анықтамалық ақпаратта дерек басқаша келтірілген. Ал негізінде барлығы 120 ауланы жаңбыр суы басқан, оның ішінде екі елді мекендегі 21 тұрғын үй бар.

Айта кетейік, селдің салдарын қалпына келтіруге барлығы 284 адам, 44 техника және 12 мотопомпа жұмылдырылған. Аула аумақтарын лайдан тазарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Корея: өндіріс, технология және инвестицияға негізделген жаңа серіктестік

Руслан Изимов

Шымкентте полицейлер экс-чемпион Әділ Тілектестің қазасына қатысты деректі тексеріп жатыр

Әділ Тілектес

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов