USD
USD
USD

Жетісу облысындағы автожолды еріген қар суы шайды

Жетісу облысында бірнеше күн бойы қардың қарқынды еруі, күндізгі және түнгі уақытта ауа температурасының күрт жоғарылауы, сондай-ақ жауын-шашынның салдарынан еріген қар және жаңбыр суы ағып, өзендердегі су деңгейі көтерілді, автожолдарды еріген қар суы шайды, аула аумақтарын су басты.

Жетісу облысындағы автожолды еріген қар суы шайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Негізінен, су тасқыны жағдайлары Кербұлақ ауданында тіркелді. Кербұлақ ауданының елді мекендерінің басым бөлігі тау бөктерінде орналасқандықтан, биыл қар көп түсіп жиналды, қыста қар жамылғысының биіктігі 100 см-ге дейін немесе одан да көп болды. Соңғы бірнеше күнде аудандағы температура фоны 10-15 градусқа дейін көтерілді. Сонымен қатар түнгі уақытта да температура нөлден жоғары болып тұр, сондықтан қар тез еруде.

7 наурызда Кербұлақ ауданында «Малайсары-Сарыөзек» облыстық маңызы бар автожол төсемін еріген қар суы шайды, автожолдың су басқан учаскесі ойпатта орналасқан, онда құбырлы өткел бар, ол егістіктер мен тау бөктеріндегі су жинайтың үлкен алаңнан келетін судың үлкен ағынын өткізе алмады, соның салдарынан жергілікті тұрғындар уақытша ауылдан шығып, кіре алмады.

ТЖД 10 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жергілікті тұрғындарды тасымалдау бойынша көмек көрсетті. Жалпы, жолдың су шайған учаскесі арқылы 50-ден астам адам, оның ішінде 14 бала тасымалданды.

Сағат 22.30-да су деңгейі төмендеді, жүк және жол талғамайтын көліктердің өтуіне мүмкіндік бар. Жол қызметтерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті