USD
USD
USD

Жетісу облысында жол апатынан тоғыз адам зардап шекті, оның төртеуі - бала

Көксу ауданында Ауди-100 ГАЗ САЗ жүк көлігімен соқтығысып, 9 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында 4 бала бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысында жол апатынан тоғыз адам зардап шекті, оның төртеуі - бала
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 14 қазанда Еңбекшіқазақ ауылының маңындағы Балпық-би - Мәмбет тас жолында жол апаты орын алды.

"Оқиға орнынан 9 адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі (екі көліктің жүргізушілері) медициналық тексеруден кейін амбулаториялық деңгейде ем қабылдау үшін үйлеріне босатылды. Қалған жетеуі дәрігерлердің бақылауында. Олардың ішінде 2011, 2018, 2019, 2021 жылы туған төрт кәмелетке толмаған бала бар", - дейді Жетісу облысы ПД

Аталған факті бойынша бірқатар сараптамалар тағайындала отырып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі көлік те арнайы автотұраққа қойылды.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала